Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан метрология институты (ҚазМетрИн)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1342 қаулысымен құрылды және Қазақстан Республикасындағы метрология бойынша жалғыз институт болып табылады.
Ең басты мақсаттары азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін, және Қазақстан Республикасының экономикасын өлшемнің теріс нәтижелері салдарынан қорғауға бағытталған болып еңгезеді.
«ҚазМетрИн» РМК қызметінің негізгі мәні мен мақсаты:
1) Қазақстан Республикасында жасалатын және импортталатын өлшем құралдарына белгіленген талаптарға сәйкес сынақ жүргізу;
2) техникалық (эталондық) базаны жетілдіру;
3) өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін метрология бойынша нормативтік құжаттарды халықаралық талаптармен үйлестіру;
4) метрология саласында кадрларды дайындау және біліктілігін арттыру;
5) өлшем бірлігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады.
«ҚазМетрИн» РМК құрылымына Астана қаласындағы бас кәсіпорын және бес филиалдар кіреді:
Алматы қаласындағы Оңтүстік-Қазақстан филиалы;
Орал қаласындағы Батыс-Қазақстан филиалы;
Өскемен қаласындағы Шығыс-Қазақстан филиалы;
Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе филиалы;
Қарағанды қаласындағы Қарағанды филиалы.
«ҚазМетрИн» РМК қойылған мақсатты іске асыру үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасы шама бірліктері эталондарын ғылыми дайындау, құру, сақтау, қолдану және метрологиялық аттестаттау;
2) Қазақстан Республикасы эталондарынан шама бірліктері мөлшерін салыстырып тексеру немесе калибрлеу арқылы заңды және жеке тұлғалардың эталондарына беру және жаңғырту;
3) шама бірліктерінің эталондық базасын құру және жетілдірудің мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ ғылыми метрологиялық орталық ретінде метрология саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыруға қатысу;
4) шама бірліктерінің жаңа эталондарын, жоғары дәлдікті өлшем құралдарын құру бойынша ғылыми зерттеулерді, оларды әзірлеу және өндіру бойынша тәжірибелі – конструкторлық жұмыстарды, сондай-ақ заттар мен материалдардың құрамы мен қасиетінің стандартты үлгілерін әзірлеу және өндіру бойынша ғылыми–зерттеу жұмыстарын жүргізу;
5) мемлекетаралық және халықаралық деңгейлерде жүргізілетін Қазақстан Республикасы шама бірліктері эталондарын салғастыруға қатысу, сондай-ақ республика шегіндегі шама бірліктері эталондарын айналмалы және радиалды салғастыруды ұйымдастыру және оларға қатысу;
6) өлшем құралдарын, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиетінің стандартты үлгілерін, аттестатталған қоспалар мен салыстырып тексерілетін газ қоспаларын, салыстырып тексеру, калибрлеу, жөндеу және өндіру;
7) уақыт пен жиіліктің, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиетінің стандартты үлгілерін, заттар мен материалдардың қасиеті және физикалық константалары туралы стандартты анықтамалық деректердің мемлекеттік қызметінің жұмысын қамтамасыз ету;
8) техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында нормативтік құқықтық кесімдерді әзерлеу және іске асыруға, сондай-ақ өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау саласында нормативтік құжаттарды әзірлеуді, оларды мемлекетаралық және халықаралық нормалар және ережелермен үйлестіруді жүзеге асыруға қатысу;
9) нормативтік құжаттарға, техникалық құжаттамаларға, соның ішінде салыстырып тексеру әдістемелеріне, өлшем орындау әдістемелеріне, жергілікті салыстырып тексеру сұлбаларына, өлшем құралдарын сынау және типін бекіту, салыстырып тексеру және метрологиялық аттестаттау нәтижелерін тану мақсатында материалдарды, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиетінің