|
«Қазақстан метрология институты» РМК бас директоры В. Михалченконың 29.01.09 жылдың № 50-п бұйрығы «Отандық өлшеу құралдарын жасаушы өнеркәсіптердің өтініштеріне басымдылық қарастыру жөніндегі және өлшеу құралдардын сынақтан өткізуге арналған техникалық базаны пайдалануға беру» бойынша, отандық өнеркәсіптер шығаратын өлшеу құралдардының типін бекіту мақсатында сынақтан өткізу жұмыстарына берілген мерзімі екі айдан аспайтын уақыты, ал бекітілген типтің сәйкестілігін сынақтан өткізу жұмыстарына бір жарым айдан аспайтын уақыт белгіленген.
Отандық өнеркәсіптердің шығаратын өнімдерін бұйымдарға жатқызу жөніндегі критерийлеріне қатысты сұрақтарына келесі мәліметті хабарлаймыз, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 11 наурыздағы № 59 «Тауардың қай мемлекетте шығарылғанын және тауардың шығарылуы сертификатын беру ережелері жөніндегі» бұйрығы бойынша осы жылдың 31 наурызынан бастап республиканын территориясында отандық өнеркәсіптердің СТ-KZ сертификаты іске қосылған.
Ережелер Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің www.memst.kz сайтындағы «Отандық өнеркәсіптердің СТ-KZ сертификаты» бөлімде орналасқан. |