31.03.2005 | СкачатьБағдарламалық қамтамасыздандыру
Салыстырып тексерілген өлшем құралдар жөніндегі деректерді электрондық тіркеу бағдарламасы
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!
Бағдарлама архиві пайдаланушының өз реквизитерімен тіркелген файлдардан басқа бағдарламаның жұмыс істеуіне арналған барлық қажетті файлдардан тұрады. Бұл файлдарды алу үшін info@kazinmetr.org, niv@kazinmetr.org немесе kazinmetr@land.ru электрондық пошталарында тіркелу қажет. Тіркелу үшін кәсіпорынның реквизиттерін жіберу қажет: кәсіпорынның толық аталуы және аккредитация аттестатының нөмірі, сонымен қатар тіркелген файлдарды жіберетін электрондық пошта адресі.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Бағдарламамен жұмыс істеуді тек тіркелген файлдарды алғаннан кейін бастау керек! Олар бағдарламаның қатесіз жұмыс істеуі үшін қажет! Тіркелген файлдарсыз алынған барлық сәйкестік сертификаттары, іске жарамайтынын хабарлау және салыстырып тексеру жөніндегі деректер түзетуді қажет ететін болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Сертификаттарды қазақша және орысша таза қағазда шығару үшін бағдарламаға түзетуді жүктеу қажет. Жүктелген архивтегі файлдарды бұрын алынған файлдармен ауыстырып бағдарламасы бар папкаға орналастыру қажет. «Ввод и обработка сертификатов на средства измерений» терезесінен басылады. Солай бола тұра сертификаттарды бланкта басып шығару мүмкіндігі жоғалады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Егер қазақша сертификаттардан қазақша әріптер оқылмаса, онда Fonts_kaz.rar архивінен шрифті орнату көмектесуі мүмкін.