engрусқаз
iздеу: 
Жаңалықтар
Техникалық база
Құқықтық база
Қызметтер
Халықаралық ынтымақтастық
Семинарлар және курстар

Институт туралы
Филиалдар
Байланысу деректері
Бағдарламалық қамтамасыз ету
Еншілес кәсіпорындар
Пайдалы сілтемелер




ӨОӘ аттестаттау

ӨОӘ аттестаттау


ӨОӘ метрологиялық аттестаттау, тіркеу және есептік тіркеу тәртібі ҚР СТ 2.18-2003 «ҚР МӨЖ. Өлшеуді орындау әдістемесі. Әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, тіркеу және қолдану тәртібінде» белгіленген.

ӨОӘ метрологиялық аттестаттауды Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық (бұдан әрі – МҒМО) немесе ҚР СТ 7.6-2003  «ҚР СА. Өлшеуді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттау құқығына аккредиттеуге қойылатын талаптар және тәртібінің» талаптарына сәйкес аккредиттелген заңды тұлғалар іске асырады.

ӨОӘ метрологиялық аттестаттау жүргізу үшін МҒМОға ұсынылатын құжаттар жинағына мыналар кіреді:

-     ӨОӘ метрологиялық аттестаттау жүргізуге тапсырыс, онда еркін пішінде ӨОӘ қолдану саласы көретілуі тиіс;

-     ӨОӘ әзірлеуге бастапқы деректер;

-     ӨОӘ регламенттейтін құжат (тарау немесе құжаттың бөлімі), екі данада немесе мемлекетаралық стандарт, мемлекеттік стандарт ретінде ресімделген ӨОӘ регламенттейтін құжаттың жобасы, екі данада;

-     өлшем қателігі сипаттамаларын анықтау бойынша теориялық және (немесе) эксперименттік зерттеулер туралы бағдарлама және есеп;

-     қолдану саласына байланысты мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен берілген ӨОӘ (қолдануға рұқсат) келісімі (қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитарлы-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өртке қарсы қауіпсіздік, мемлекеттік энергетикалық қадағалау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, мемлекеттік техникалық қадағалау, құрылыс индустриясы өнімдеріне және алкоголь өнімдеріне нормативтік құжаттарға арналған сәйкес органдар саласында), егер ӨОӘ қауіпсіздік көрсеткіштерін анықтауға арналған болса;

-     мүдделі заңды және жеке тұлғалармен келісім, егер ӨОӘ коммерциялық есеп үшін қолданылатын болса.

ӨОӘ регламенттейтін республика шеңберінде әзірленген құжатты (құжаттың тарауы немесе бөлімі) тіркеу үшін ӨОӘ метрологиялық аттестаттау жүргізген заңды тұлға немесе пайдаланушы МҒМОға ұсынатын құжаттар жинағына мыналар кіреді:

-     ӨОӘ регламенттейтін құжатты (құжаттың тарауы немесе бөлімі)  ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеуге тапсырыс, ӨОӘ тарату саласы еркін пішінде көрсетілуі тиіс;

-     ӨОӘ регламенттейтін бекітілген құжаттың (құжаттың тарауы немесе бөлімі) көшірмесі, екі данада;

-     ӨОӘ метрологиялық аттестаттау туралы куәліктің көшірмесі, екі данада;

-     қолдану саласына байланысты мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен берілген ӨОӘ (қолдануға рұқсат) келісімі (қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитарлы-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өртке қарсы қауіпсіздік, мемлекеттік энергетикалық қадағалау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, мемлекеттік техникалық қадағалау, құрылыс индустриясы өнімдеріне және алкоголь өнімдеріне нормативтік құжаттарға арналған сәйкес органдар саласында), егер ӨОӘ қауіпсіздік көрсеткіштерін анықтауға арналған болса;

-     осы ӨОӘ ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеуге және пайдалану құқығын тапсырыс берушінің алғанын растайтын ӨОӘ әзірлеушіден құжат.

ТМД елдерінде әзірленген ӨОӘ регламенттейтін құжатты ҚР МӨЖ тізілімінде есептік тіркеуді іске асыру үшін тапсырыс беруші техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органға мынадай құжаттар жинағын ұсынады:

-     ӨОӘ қолдану саласы көрсетілген (өлшемдер объектісі, оның ішінде өнімдер және бақыланатын параметрлердің атауы, сондай-ақ тарату саласы – бір кәсіпорынның шеңберінде, экономика, республика саласының шеңберінде) есептік тіркеуді жүргізуге тапсырыс (құжаттың тарауы немесе бөлімі); ӨОӘ есептік тіркеу жүргізу қажеттігіне негіздеме;

-     ӨОӘ аттестаттау туралы куәліктің көшірмесі;

-     ӨОӘ есептен өткен данасы, екі данада;

-     ӨОӘ әзірлеушінің импортер-елдің ұлттық органының танылған ӨОӘ есептен өткен данасының көшірмесін алуға рұқсаты (әзірлеушінің келісімі бойынша);

-     МҒМО жүргізген ӨОӘ қолданысқа енгізу бойынша материалдарды метрологиялық сараптау туралы тұжырымдама;

-     қолдану саласына байланысты мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен берілген ӨОӘ (қолдануға рұқсат) келісімі (қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитарлы-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өртке қарсы қауіпсіздік, мемлекеттік энергетикалық қадағалау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, мемлекеттік техникалық қадағалау, құрылыс индустриясы өнімдеріне және алкоголь өнімдеріне нормативтік құжаттарға арналған сәйкес органдар саласында), егер ӨОӘ қауіпсіздік көрсеткіштерін анықтауға арналған болса;

-     мүдделі заңды және жеке тұлғалармен келісім, егер ӨОӘ коммерциялық есеп үшін қолданылатын болса.

-     осы ӨОӘ ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеуге және пайдалану құқығын тапсырыс берушінің алғанын растайтын ӨОӘ әзірлеушіден құжат.

ӨОӘ метрологиялық аттестаттаудың қолдану мерзімі өтіп кетсе немесе шектелмесе ӨОӘ тіркеу мерзімін ұзарту үшін, ӨОӘ тіркеу мерзімін ұзартуға республика шеңберінде әзірленген ӨОӘ үшін МҒМОға, ТМД елдерінде әзірленген ӨОӘ үшін уәкілетті органға тапсырыс беріледі.

Казахстанский Институт Метрологии Разработано в компании "Интернет Решения"