engрусқаз
iздеу: 
Мемлекеттік сатып алу
Жаңалықтар
Отандық өлшеу құралдарын өндірушілер
Техникалық база
Құқықтық база
Қызметтер
Халықаралық ынтымақтастық
Сапа Менеджменті Жүйесі
Семинарлар және курстар

Институт туралы
Филиалдар
Байланысу мәліметтері
Бағдарламалық қамтамасыз ету
Еншілес кәсіпорындар
Пайдалы сілтемелер




Басылымдар

«Метрология» ғылыми-техникалық журналы

 

Республикадағы өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы өзекті мәселелерді  баяндайтын метрология жөніндегі жалғыз мамандандырылған кәсіптік басылым.

Басылым Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген - 2001 жылғы 17 мамырдағы  № 1996Ж куәлігі, және  75833 жазылу индексі бар.

«Метрология» журналы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Білім беру және ғылым саласын бақылау комитеті Коллегиясының 2009 жылғы 19 наурыздағы шешімімен 05.00.00 – Техникалық ғылымдар мамандық топтары бойынша докторлық және кандидаттық диссертацияларының негізгі ғылыми нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын ғылыми басылымдар тізбесіне кіреді. 

Журнал тоқсан сайын (жылына 4 рет) таралымы 300 данамен шығарылады. Тұрақты айдарлары: Оқиғалар, Халықаралық ынтымақтастық, Эталондар, Өлшеулер: практика, әдістеме, теория, Тәжірбие алмасу, Сұрақ-Жауап. Журналға қосымша Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізілімінде тіркелген өлшем құралдары мен кәсіпорындар тізбесі бойынша анықтамалық ақпараттардан тұратын «Ақпараттық бюллетень» болып табылады.

 

Мақсатты аудитория:

Журнал метрология саласындағы мамандарға, техникалық ЖОО оқытушылары мен студенттеріне, сондай-ақ қызметі  өндірісті метрологиялық қамтамасыз етумен, өндіріспен,  өлшем құралдарын пайдалану және қызмет көрсетумен байланысты тұлғаларға есептелген.

 

Таралуы: жазылу бойынша, «Қазақстан метрология институты» сайтында, мамандандырылған конференциялар, семинарлар мен мәжілістерде.

 

Журнал оқу аудиториясына және сәйкесінше жарнамалық мүмкіндіктерге ие. «Метрология» журалындағы жарнама – клиенттерге өзіңіз туралы айтудың  ең жақсы тәсілі.

Техникалық ғылымдар бойынша диссертация нәтижелері бойынша «Метрология» журналына жариялауға жіберілетін ғылыми мақалалар Қолжазбаларға талаптар (көшіріп жазу).

Егер Сіз метрология саласында теориялық және метрологиялық зерттеулердің өзекті мәселелері бойынша ғылыми мақала жариялағыңыз келсе, Өз кәсіпорныңыздың метрологиялық қамтамасыз етілу жай-күйі туралы мәлімдегіңіз келсе, сондай-ақ ұйым немесе өнім туралы жарнамалық ақпаратты орналастырғыңыз келсе мәлімдемемен «ҚазМетрИн» РМК жүгінуіңізге болады. 

Өлшем құралдарын отандық өндірушілердің қызметін насихаттау мақсатында 2009 жылы «Метрология» ғылыми-техникалық журналына отандық аспап жасаушы кәсіпорындар мен олар шығаратын өнімдер туралы ақпараттық және жарнамалық мақалаларды уақтылы орналастыру жоспарлануда.

Өлшем құралдарын отандық өндірушілерді бизге Өз кәсіпорындарыңыздың өндірістік қызметі, мәселелер мен жетістіктер, бұдан әрі дамудың келешегі туралы ақпараттық мақалаларды жолдауға шақырамыз. Мақалаға өнімді  өндіретінкәсіпорынның жұмысы туралы фотосуреттерді, мақала авторының фотосуретін қоса жіберу қажет. Бұл мақалалар ақысыз негізде 2009 жылға журналдың басылымына орналастырылады.

 

Мекен-жайы «ҚазМетрИн» РМК:

010000, Астана қ., Орынбор көш., 11, Эталон орталығы.

Телефондар: (3172) 79-32-83, 79-32-84.

Факс: (7172) 24-26-94

E-mail: kazinmetr@list.ru, kazinmetr@kazinmetr.org

 

 

Жазылу құны: 1 нөмір үшін – 1380 тг., жылына 4 нөмір – 5520 тг.

Қосымша ақпаратты мына телефондарға хабарласу арқылы алуға болады: (3172) 79-32-83, 79-32-84.

Казахстанский Институт Метрологии