engрусқаз
iздеу: 
Мемлекеттік сатып алу
Жаңалықтар
Отандық өлшеу құралдарын өндірушілер
Техникалық база
Құқықтық база
Қызметтер
Халықаралық ынтымақтастық
Сапа Менеджменті Жүйесі
Семинарлар және курстар

Институт туралы
Филиалдар
Байланысу мәліметтері
Бағдарламалық қамтамасыз ету
Еншілес кәсіпорындар
Пайдалы сілтемелер




Халықаралық ынтымақтастық
  18.05.2010

Өлшем белгісіздігін бағалауды енгізу жөніндегі үйлестіру жұмыстары бойынша Метрология жөніндегі ҒТК Жұмыс тобының 8-отырысына және Армения, Ереван қаласында өткен МАК Метрология жөніндегі ҒТК 31-отырысына қатысу туралы есеп


2010 жылы 6-7 мамыр күндері өлшем белгісіздігін бағалауды енгізу жөніндегі үйлестіру жұмыстары бойынша Метрология жөніндегі ҒТК Жұмыс тобының (ЖТ) 8-отырысы және Армения, Ереван қаласында МАК Метрология жөніндегі ҒТК 31-отырысы болып өтті.

ТМД елдерінің ішінен 6 мемлекеттен 15 өкіл: Қазақстан, Армения, Беларусь, Ресей (7 адам), Өзбекстан, Украина (2 адам) қатысты, сондай-ақ МАК стандарттар бойынша Бюросының Жауапты хатшысы да қатысты.

Отырыс бекітілген күн тәртібіне сәйкес өтті.

Отырыстың басында МАК стандарттар бойынша Бюросының Жауапты хатшысы ТМД елдерінің метрологиялық тәжірибесіне өлшем белгісіздігін енгізу саласындағы МАК қабылдаған Метрология жөніндегі ҒТК шешімдері мен ұсыныстарының, сондай-ақ МАК және Метрология жөніндегі ҒТК алдыңғы отырыстарында қабылдаған шешімдерінің орындалу нәтижелері туралы сөз сөйледі.

Отырыстың екінші бөліміне сәйкес отырсқа қатысушы-елдердің өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы Ұлттық орган өкілдері өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында өзара тәжірибе алмасты, сондай-ақ өлшем белгісіздігін бағалауды енгізу бойынша жұмыстар туралы ақпарат ұсынды.

Ресей Федерациясының Техникалық реттеу жөніндегі федералдық агенттігі Метрология жөніндегі ҒТК ӨБ ЖТ 11-отырысының нәтижелері туралы хабарлады, «ОМҒЗИ» ФМУК (Екатеринбург қ.) Метрология жөніндегі ҒТК ЗМӨ ЖТ 1-отырысын өткізу нәтижелері туралы ақпаратты жеткізді.

«ТМД қатысушы-елдерінің метрологиялық тәжірибесіне анықталмайтын өлшем белгісіздігінің тұжырымдамасын енгізудің негізгі бағыттары», «2020 жылға дейін МАК даму стратегиясы», КООМЕТ пен МАК арасындағы өзара ынтымақтастық пен өзара әрекеттесу туралы хаттаманың іске асырылу барысы туралы мәселелер қарастырылды.

Отырысты жүргізу барысында:

- салыстырып тексеру және метрологиялық аттестаттау мақсатында алып жүруге тиісті нормативтік құжаттар, эталондар, өлшем құралдары және стандартты үлгілерді алып жүру үшін кедендік баж салықтарын, салықтар төлеуден және арнайы рұқсат беруден босату туралы Келісімге өзгерістер енгізу туралы 2007 жылғы 22 қарашадағы Хаттаманың;

- «2007-2009 жылдарға арналған Өзара жеткізілетін энергия тасымалдағыштарды есепке алу мен сапасын жетілдіру бойынша мемлекетаралық нормативтік құжаттарды әзірлеу жоспарының»;

- «2006-2010 жылдарға арналған заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің мемлекетаралық стандарттық үлгілерін құру мен қолдану бағдарламасының»;

- «2007-2012 жылдарға арналған нақты тақырыптық бағыттар бойынша заттар мен материалдардың физикалық константалары мен қасиеттері туралы аттестатталған деректерді әзірлеу бойынша жұмыстар бағдарламасының»;

       - «2007-2009 жылдарға арналған жаңа ғасырдың ұзындық бірліктерінің эталондарын құру бағдарламалары» және осы бағыттағы жұмыстарды дамыту бойынша ұсыныстардың;

       - «МӨЖ негіз қалаушы нормативтік құжаттарын әзірлеу мен қайта қарау бағдарламасының»;

       - «1991 жылға дейін әзірленген метрология саласындағы мемелекетаралық стандарттарды қайта қарау бағдарламасының»;

       - «Газды колориметр саласындағы газды отынның және отынның басқа түрлерінің калориясын өлшеудің метрологиялық қамтамасыз ету жүйесін құру бойынша жұмыс бағдарламасының» жүзеге асырылуы туралы ақпараттар ұсынылды.

МСҮ ретінде Қазақстан Республикасының 2 СҮ («Центргеоланалит» ЖШС, «Экогидроаналитик» ЖШС ЗҚО) қабылданып 2011-2015жылдарға арналған бағдарламаға Қазақстан Республикасы кәсіпорындарымен  ҚазМетрИн» РМК ШҚФ, «Топаз»  Геологиялық барлау компаниясы ЖШС)  5 МСҮ әзірлемелері енгізілді.

       Сондай-ақ ӨАЖ метрологиялық қамтамасыз ету саласындағы НҚ әзірлеу бағдарламалсының жобасы туралы, бір рет қолданатын медициналық тағайындалған бұйымдарды радиациялық стерильдеуді метрологиялық қамтамасыз етудің жай-күйі туралы мәселелер талқыланды, ИСО/МЭК Guide 99-2009 Халықаралық метрология саласындағы негізгі жә


Казахстанский Институт Метрологии